Нұр-Сұлтанда жас ақындар марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Біз жастарға сенеміз» жас ақындар байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас ақын» жобасы жастар шығармашылығын дамытып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналды. 2017 жылдан бері еліміздің әр өңірінен мыңдаған жас ақын республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, танымал болды. Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бөлшегіне айналды. Осындай шаралар арқылы жас таланттарға қолдау көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырғымыз келеді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Байқау жеңімпаздарына Алғыс хат және 200 мың, 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Атап айтқанда, Ақжігіт Амангелді (Қарағанды облысы), Кенжебек Дулатбек (Алматы облысы) және Нұрдәулет Өмірбек (Түркістан облысы) жүлделі ІІІ орынды иеленді. Астаналық ақындар Ернар Мақсұтов пен Сәния Жүрсінова ІІ орын алды. Жүлделі І орын Алматы қаласынан келген Нұрбол Мұратбекке берілді.

Соңғы жаңалықтар