Нұр-Сұлтанда жаңа жыл түнінде 16 сәби дүниеге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 қаңтарына қараған түні елордада 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жаңа жылдың бірінші күнінде көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала дүниеге келді.

Орта есеппен тәулік ішінде 80-90 баланың дүниеге келуі күтіледі.


Соңғы жаңалықтар