+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды

2020 жылғы 25 қазан 23:47
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада серуендеуге және жайлы демалысқа арналған жаңа қоғамдық орын пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт алаңы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңы бар саябақ Алматы ауданындағы Промышленный елді мекенінде ашылды.

«Мұнда жарықтандыру, суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, тұрғындар үшін заман талабына сай, заманауи, жаттығу құрылғылары орнатылған спорт алаңы салынды. Бұған қоса, балаларға арналған ойын алаңы да орнатылды», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.

А.Бегімбеков саябақта мүмкіндігі шектеулі балалардың да жағдайы назардан тыс қалмағанын айрықша атап өтті.

Парк ішінде шағын ауданның тұрғындарымен бірге сенбілік ұйымдастырылған. Оның барысында 40 қарағай ағашы да егілген.

Басқарма басшысы атап өткендей, «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» жоспары бойынша елорданың шет аумағындағы бос жатқан жерлерді игеру арқылы, сол сияқты жарамсыз ескі ғимараттарды бұзу арқылы ел игілігіне, тұрғындардың жайлылығына арналған алаңқайлар, саябақтар біртіндеп ашылатын болады.

Биылғы жылдың өзінде қалада 150 аула мен 50-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT