+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда Жамбыл Жабаев музейінің экспозициясы қойылды

2021 жылғы 26 ақпан 16:51
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда Жамбыл Жабаев музейінің экспозициясы қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Жамбыл Жабаев музейінің экспозициясы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекәлі Жәнібековтен қалған істі жалғастыру біздің буынға бұйырыпты - Нұрболат Ахметжанов Қазақстан мен Испания мамандары бірігіп фильм түсіріп жатыр Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің 75 жылдығына арналған флэшбук басталды

Жаңа театр фойесінде ұйымдастырылған көрмеде ұлы ақынның тұтынған жеке заттары, сыйланған сый-сияпаттары мен фотоестеліктер қойылған.

Жамбыл Жабаев атындағы музейдің меңгерушісі, ақынның тікелей ұрпағы, немересі Салтанат Жамбылова музей тарихын айтып берді.

«Бүгін елорда төрінде Жамбыл атамызға үлкен құрмет көрсетіліп отыр. Осы жиынға біз де құр алақан келмей, Жамбыл атамыздың өз ауылындағы музейінен жәдігерлер әкелдік. Бұл музей атамыз тұрған үйде ашылған, 92 жасында Үкімет атамызға 12 бөлмелі үй салып берген екен. Одан болашақта музей жасау мақсаты болған шығар. Атамыз ол үйде 8 жыл тұрып, 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды. 1946 жылы атаның жүз жылдығы тойланғанда, Үкіметтің шешімімен үлкен үй музей атанды. Биыл атамыздың 175 жылдығы болса, музейдің құрылғанына 75 жыл толып отыр», - деді Салтанат Жамбылова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Көрмеде Жамбыл Жабаевтың киген киімдерін, ұстанған заттарын, көзі тірісінде сыйланған сыйлықтары көпшілікке ұсынылып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, мерейтойдың мемлекеттік комиссиясының төрағасы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойған еді.

Бүгін еліміздегі және шет елдердегі қалалар мен елдімекендерде Жамбыл Жабаевтың ескерткіштері мен бюсттеріне гүл шоқтары қойылды, әрқилы мәдени шаралар өткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT