+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда волонтерлер штабы ашылды

2020 жылғы 6 қаңтар 19:40
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда волонтерлер штабы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада волонтерлер штабы ашылды, ол «Астана Жастары» мемлекеттік мекемесі базасында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда штабта 2000-нан астам волонтер тіркелген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Абай мерейтойы: Волонтерлер ЮНЕСКО деңгейіндегі шараларға дайындалуда Шымкентте орта жастағы тұрғындар волонтер болуға ниет білдіруде Волонтер: Қайырымдылықпен айналыса бастағанда не үшін тірі қалғанымды түсіндім

Штаб жанында «ASTANA VOLUNTEERS» волонтерлер мектебі құрылған. Мектеп аясында жастар әлеуметтік, спорттық, EVENT және ECO волонтерлік бағыттар бойынша оқытылады. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бойынша да волонтерлер дауындау көзделген. Оқуға ниет білдірген жастардың ағымдағы жылдың ақпан айында курсқа жазылуына мүмкіндігі бар.

Волонтерлер жылына орай елордада жастарды қолдауға, волонтерлікті дамытуға бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Бірге-Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін «VOLUNTEERS CAMP» волонтерлеріне арналған жылжымалы эко-лагерь жобасы. Аталмыш шара аясында 500-ден астам жас киім-кешекпен, тамақпен, көлік қызметімен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, «Қауіпсіз қала» ұлттық жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандарды волонтерлік қызметке қосуды көздейтін инклюзивті волонтерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Естеріңізге салсақ, осы жылы мемлекет басшысы волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысқан студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көтеруді тапсырған болатын.

Волонтерлер жылы «Birgemiz», «Мы - вместе» ұранымен өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT