Нұр-Сұлтанда вокзал маңындағы автотұрақта көлік нөмірін тану жүйесі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алаңында жаңартылған тұрақ платформасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде қалалық «City Transportation Systems» ЖШС мәлімет таратты.

«Тұрақ платформасының маңызды жаңалықтарының бірі – көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірін тану. Яғни жүйе ішке кірген-шыққан көліктердің мәліметтерін тіркеп отырады. Сондықтан паркинг пайдаланушылары кіру картасын бір-бірімен алмастыра алмайды және автотұрақта тұрған уақытының ақысын төлемей кете алмайды» деп хабарлады компания Instagram парақшасында.

Тұрақтың төлемақысы өзгерген жоқ және төлемді енді алты тәсілмен жасауға болады.

Nsparking.kz мобильді қосымшасы, www.nsparking.kz сайты, Qiwi және Kaspi.kz, сондай-ақ вокзалда орналасқан паркомат пен касса арқылы төлей аласыздар.


Соңғы жаңалықтар