Нұр-Сұлтанда вагон өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер вагондағы өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қарашада таңғы сағат 03.11 кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Кемеңгерұлы, 9/8 мекенжайында орналасқан пойыз жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. № 50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған.

Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен.

Өрт таңғы сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар