+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында Отбасылық денсаулық орталығы ашылды

2020 жылғы 5 шілде 11:41
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында Отбасылық денсаулық орталығы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Аманат» отбасылық денсаулық орталығында (Бөкейхан көшесі, 21), №9 қалалық емхана базасында бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) желісін дамыту тұжырымдамасы аясында«Үйдегі дәрігер» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағаш аудандық ауруханасына 10 дана оттегі концентраты табысталды СҚО-да коронавирус жұқтырған 22 медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден төлем жасалды Қызылордада қалалық аурухана қалыпты жұмысқа қайта көшті

Жоба мақсаты – қол жетімділікті қамтамасыз ету және ықшам медициналық амбулаториялардың ашылуы қарастырылған емханалар желісін дамыту. Отбасылық денсаулық орталығы «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында жақын маңдағы тұрғындарға медициналық көмекті жақсартуға және жақындатуға бағытталған. №9 қалалық емхана елорданың сол жағалауында, қарқынды дамып жатқан ауданда орналасқан. Қазіргі уақытта қызмет көрсету аумағы 10 шақырымнан асады. Әсіресе, Бөкейхан, Ұлы Дала көшелерінің ауданында халық тығыз қоныстанған, ол жерде көптеген жаңа тұрғын үй кешендері салынуда. Тіркелген ересектер мен балаларға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі. «Нұр-Сұлтан қаласында «Үйдегі дәрігер» жобасы 2018 жылдан бастап қолға алынуда. Бүгін №9 емханаға көмек ретінде біз осы ықшамауданда «Үйдегі дәрігер» ашамыз. Мұнда 17 мыңға жуық адам тұрады. Оның ішінде 4,8 мыңы – балалар. Өткен жылы біз «Үйдегі дәрігердің» 12 дәрігерлік амбулаториясын аштық. Биыл біз тағы 10 дәрігерлік амбулатория ашуды жоспарлап отырмыз, олар шамамен 50 мың адамды қамтиды. Міндет – өте мұқтаж тұрғындарға алғашқы медициналық көмек. Әр кеңседе әр науқасқа белгілі бір бағыт бойынша емшара жасалады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Үйдегі дәрігер» амбулаториясының ашылу рәсімінде.

2019 жылы Нұр-Сұлтанда осындай 12 дәрігерлік амбулатория ашылды. Биыл бұл жұмыстар жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT