Нұр-Сұлтанда үш жылда негізгі капиталға құйылған инвестиция 25%-ға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2016-2018 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 24,3%-ға өсті. Бұл туралы елордалық кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Бүгінгі күні инвестициялар құрылымында оң динамика байқалады – жекеменшік инвестициялардың үлесі артып келеді, ал бюджеттік инвестициялар көлемі төмендеп келеді. Егер 2016 жылға дейін инвестициялық құрылымда бюджеттік қаражат көлемі шамамен 42%-ға жетсе, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ол 17,6%-ға қысқарды. Бүгінде жекеменшік инвестициялардың үлесі 85,2%-ды құрайды, өсім шағын бизнес есебінен көрініс тапты.

Инвестицияларды тартудың негізгі құралдарының бірі жұмыс істеп тұрған «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймақтары болып табылады.

«Астана – жаңа қала» АЭА бірінші паркінің аумағында 73 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 50-і іске қосылды, қалған 23 жобаны алдағы 3 жылда жүзеге асыру жоспарланған. Жалпы, бірінші парк 95%-ға толық, сондықтан, аумағы 433,1 га болатын екінші паркті құру туралы шешім қабылдады.

Жауапсыз инвесторлардан аумақтарды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шамамен 52,3 га учаске босатылды, бұл аумаққа 12 өндіріс орналастырылды.

Сонымен қатар, «Астана – жаңа қала» АЭА-ның аумағын 8 мың гектарға кеңейту туралы шешім қабылданды, бұл жұмыс апатты және ескі тұрғы үйлерді реновациялау және аумақтарды игеру есебінен жүргізілмек. Бұл шаралардың арқасында 2 трлн. теңге инвестиция тартылады, 400 жаңа әлеуметтік нысан салынады. 15 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, 160 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгінде «Астана-Технополис» АЭА-да жалпы сомасы 334 млрд. теңге болатын 9 жоба тіркелген, олардың екеуі ІТ саласында іске қосылған.

Сонымен қатар, «Абу-Даби Плаза жобасының екі бөлігінің құрылысы аяқталды. Бұл - «Абу Даби Mall» сауда-сауық орталығы және 14 қабатты «Scheraton» отелі. Нысан 6 блоктан құралады, олардың 91,8%-ы дайын. Жоба 2020 жылдың маусымында ақталады деп күтілуде.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жалпы сомасы шамаме 2,8 трлн. теңге болатын 200 жоба бар. 2019 жылы жалпы сомасы 254,5 млрд. теңге болатын 35 жоба жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар