Нұр-Сұлтанда үш күнде 14 мас жүргізуші ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елордада 496 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 29 адам қаза тапты, тағы 500 азамат түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр Сұлтан қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«21-23 қараша аралығында елордада жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың салдарын азайту мақсатында жедел-профилактикалық шара өтті. Үш күн ішінде 800-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде маневр жасау ережесін бұзған - 57 жүргізуші, мас күйінде көлік жүргізген - 14, қарсы бағытқа шығып кеткен – 9, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен - 29 жағдай, жаяу жүргіншілерге жол бермеген - 18 жүргізуші анықталды. 37 автокөлік айып тұрағына қойылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ 124 жаяу жүргінші жолды өту кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған.

«Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына да ерекше көңіл бөлінді. Техникалық ақауларына қарамастан, автобустардың жолға шығуына қатысты 12 факті тіркелді», - делінген хабарламада.

Жажпы, жыл басынан бері елордада 496 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 29 адам қаза тапты, 500 азамат әртүрлі дене жарақаттарын алған.

«Жыл басынан 1800 көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылып, 64 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар