Нұр-Сұлтанда ұры кәмелетке толмаған баланың ұялы телефонын қолды қылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 34 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам 14 маусым күні сағат 21:00 шамасында Бараев көшесіндегі үйдің ауласындағы футбол алаңының жанынан өтіп бара жатып, кәмелетке толмағандардың футбол ойнап жатқанын көргені анықталды. Балалардың бірі телефонды қалтасынан шығарып, оны шетке шығарған сәтті күткен күдікті «ОРРО 5-С» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Келесі күні Кравцов көшесінде күндіз «Газель» автокөлігінен жеке заттары салынған рюкзакты ұрлап кеткен.

Сол күні ол тағы бір ұрлық жасады. Бұл жолы қылмыскер жүз мың теңгеден астам ақшасы бар барсетканы қолды етті. Қаскүнем ақшаны тұрақта ашық қалған машинадан ұрлаған.

Қазіргі уақытта күдікті үш ұрлық бойынша өз кінәсін толық мойындады. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және өз автокөліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын ашық қалдырмауға, көлік құралдарын мамандандырылған тұрақтарда, паркингтерде, жарықтандырылған жерлерде немесе бейнебақылау камераларының көріну аймағында қалдыруға ескертеді.

Соңғы жаңалықтар