+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда ұлттық мектеп спорт лигасы өтіп жатыр

2021 жылғы 15 қазан 16:54
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда ұлттық мектеп спорт лигасы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында оқушылар арасында спорт лигасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше тоқталып өтеді. Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау басты назарда. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі бағытының бірі - мектеп спорты. Осы ретте мектеп лигасын ұйымдастырудың арқасында жасөспірімдер спорты дамып жатқанын атап өткім келеді. Жалпы мектеп лигасын өткізудің қоғам үшін пайдасы көп. Осы секілді шаралардың өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуда үлесі зор. Қазіргі уақытта мектептерде спорттық секциялардың санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінде еліміз бойынша 45 мыңнан астам секцияда 900 мыңға жуық мектеп жасындағы бала спортпен шұғылданып жатыр»,-деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова аталған шараның ашылу салтанатында.

Ұлттық мектеп спорттық лигасы ел көлемінде өтеді және оған 5-11 сынып оқушылары қатысады.

«Бүгін бірнеше спорт түрінен балалар арасындағы ұлттық лига басталды. Жалпы еліміз бойынша 7400-ден астам мектеп бар. Спорттан ұлттық лига алдымен мектеп ішінде, содан соң мектепаралық деңгейде өтеді. Сонымен қатар ол аудандық, қалалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Бұған дейін мектепаралық ұлттық лига 8 спорт түрі бойынша өтсе, биыл оның саны 9-ға жетті. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, асық ойнау, футбол, волейбол және тағы басқа спорт түрі бар», - деді ҚР Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министрлер балалардың ойынын тамашалап, олармен сұхбаттасты.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, ұлттық мектеп спорт лигасы аясында ел көлемінде 48 жарыс өткізіліп, оған 4244 оқушы қатысқан.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған шара елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту мақсатын көздейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT