Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінен шыққан өрттің себебі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

28 наурыз 23 сағат 33 минутта Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне «Алатау» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны жайлы хабар келген.

Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 29 адамнан тұратын топ жедел түрде барды.

Өрт сөндірушілер пәтердің толығымен жалынға оранғанын анықтады.

От 00 сағат 15 минутта сөндірілді. 40 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған.

Тілсіз жаудың тұтануының алдын ала себебі - төмен калориялы от көзі, сөндірілмеген темекі.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді.

«Тұрмыстық өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі - темекі шегу кезінде отқа ұқыпсыз қарау, біз тұрғындарды сақтық пен қырағылыққа шақырамыз. Өшірілмеген темекі үлкен зиян келтіруі мүмкін, сонымен бірге өлімге әкелуі мүмкін» делінген төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ескертпесінде.



Соңғы жаңалықтар