Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешеніндегі жабық тұрақтағы көлік өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының «Жанұя» тұрғын үй кешенінің паркингінде тұрған көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«10 мамыр күні сағат 22:20-да Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері қаланың Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы 21/6-үйге аттанды. Оқиға орнына келген сәтте «Жанұя» тұрғын үй кешенінің паркингіне қойылған Lada Largus көлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сондай-ақ оның қасында тұрған Toyota көлігінің алдыңғы бампері бүлінген. Жалын сағат 22.36-да сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Өрттің неден шыққаны әзірге нақтыланған жоқ.


Соңғы жаңалықтар