+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй ауласында тұрған көлікті тонаған күдікті ұсталды

2020 жылғы 3 желтоқсан 22:34
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй ауласында тұрған көлікті тонаған күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері автокөлік ұрысын ұстады.

Ұқсас жаңалықтар
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарға жаза қатайтылды Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ Қарағандыда ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірді

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 25 жастағы елорда тұрғыны тұрғын үй ауласында кілттерді іріктеу арқылы «Тойота» автокөлігінің салонына кіріп, бейнетіркеуіш пен антирадарды қолды еткен.

Ұрланған мүлік соммасы 25 мың теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлігінің ішіндегі мүлігінің ұрланғанын байқаған азамат полицияға шағымданды.

Жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Ер адам кінәсін мойындады. Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Антирадар мен бейнетіркеуіш тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Тергеу жүріп жатыр, оның астана аумағындағы осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан аса мұқият болып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT