Нұр-Сұлтанда түнде қыдырған 65 жасөспірім анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл басталғалы елордада кәмелет жасына толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде ересек адамдарсыз жүргені үшін 3500 заңды өкіл әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Айта кетейік, жасөспірімдер ойын-сауық мекемесінде жүретін болса жауапқа ата-ана ғана емес, мекеме иелері де тартылады. Биыл осындай 100 субъектіге ӘҚБтК 132-бабы бойынша жауапкершілік жүктеліп, 27 780-41 670 теңге (10-15 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
Кейінгі үш тәулікте ғана ювеналды полиция қызметкерлері түнде үйінде болмаған кәмелетке толмаған 65 баланы анықтады. Барлық фактіге қатысты полицейлер ӘҚБтК 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, ескерту жасады.
Түнде Сарыарқа ауданында 16 жастағы қыз ойын-сауық мекемесінен табылды.
«Полицейлер кәмелет жасына толмағандарға түнгі сағат 22:00-6:00 аралығында ойын-сауық мекемесінде, ал заңды өкілдерінсіз 23:00-6:00 аралығында үйден тыс жерде жүруге тыйым салынатынын ескертеді.
Жасөспірім үйге кеш қайтатын болса, оны күтіп алуға тырысыңыз.
Егер сіз балаңыздың қайда екенін білмесеңіз және ол қоңырауларыңызға жауап бермесе дереу полицияға хабар беріңіз», - делінген ақпаратта.
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- «Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы шығарылды
-
Нұр-Сұлтанда кәсіпкерден пара алған шенеунік 42 млн теңге айыппұл төлейді
-
Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам