Нұр-Сұлтанда төбелес ұйымдастырғандар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 желтоқсан күні сағат 02:42 шамасында «102» арнасына Ш. Құдайбердіұлы көшесінде төбелес болып жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың арасындағы төбелес «Панаехали» барынан шыққаннан кейін басталғаны анықталды.

Аталмыш факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті қатаң бұзғаны, айналасындағыларға құрметсіздік білдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар