+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда ТМД елдерінің бас прокурорлары жиын өткізуде

2021 жылғы 23 қыркүйек 10:39
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда ТМД елдерінің бас прокурорлары жиын өткізуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ТМД-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің жиыны өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ТМД елдері басшыларын тұщы су проблемасын бірлесіп шешуге шақырды Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет – ҚР Президенті Тоқаев 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жариялады

«ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып, қазақ жерінде жылы шыраймен қарсы алғаны үшін және кеңестің барлық мүшелерінің жеке кездесуіне мүмкіндік бергені үшін ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Пандемияның шиеленіскен жағдайында көптен күткен бұл кездесу ҚР Бас прокуратурасы мен Үйлестіру кеңесі хатшылығының ұжымдарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Бұл біздің ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталғанымыздың дәлелі», - деді Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Краснов отырысты аша отырып.

Өз кезегінде ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов осы бағыттағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Елдеріміздегі коронавирус жағдайының тұрақтануы іс-шараны дәстүрлі форматта өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Мен баршаңызды есен-сау көргеніме қуаныштымын. Отырыс жұмысына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас прокуратураларының делегациялары қатысуда», - деп атап өтті ҚР Бас Прокуроры.

Сондай-ақ, ол биыл ТМД-ға мүше мемлекеттердің көбі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатқанын еске салды.

«Биыл арамызда көптеген елдер Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы жылдар ішінде біз заңдылықты нығайту және қылмысқа қарсы күрес ісінде маңызды бағыттар бойынша байланысымызды ыдыратпай, жемісті ынтымақтастық орнаттық», - деп түйіндеді Ғизат Нұрдәулетов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT