Нұр-Сұлтанда такси көлігін ұрлаған қылмыскер екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйел адам жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында мерт болды, ал жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бүгін 06.52-де 102 каналына «Бизон» дәмханасының маңында белгісіз біреу такси жүргізушісін ұрып-соғып, «Лада» көлігін ұрлап кеткен.

06.58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінің бойында жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция жасағы 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ішімдікке сылқия тойған ол ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, ал кәмелеттік жасқа толмаған (2005 жылғы) жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы («Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар