+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда тағы 8 кафе-бар карантин бұзды: Олар сот шешімімен жабылуы мүмкін

2021 жылғы 17 шілде 15:24
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда тағы 8 кафе-бар карантин бұзды: Олар сот шешімімен жабылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елордада карантин талаптарын бұзу бойынша 65 кәсіпкерлік нысан тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен елорда полицейлері бар мобильді топтар күн сайын карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын анықтау үшін рейд өткізуде.

Сонымен өткен түнде карантин ережесін бұзудың 8 фактісі анықталды.

Тексеріс барысында қаланың сол жағалауында Қабанбай батыр даңғылында санитарлық нормаларды бұзған, клиенттерге кальян қызметін ұсынатын екі мекеме анықталды.

Сағат 22.51-де «Inferno» барында 20 адам көңіл көтеріп демалып отырған. Сағат 23:03-те «Vzлетный» рестобарында 50-ден астам адам болған.

Мекеме қожайындары мен оған келушілерге қатысты ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, рейд барысында компьютерлік клуб, кинозал және басқа да ойын-сауық мекемелері тарапынан карантин режимін бұзу фактілері анықталды.

Карантин режимін бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Сотта олардың қызметін тоқтата тұру туралы мәселе қаралады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT