+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда табиғи газдың тарифі 45 теңге болып бекітілді

2020 жылғы 17 қыркүйек 15:36
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда табиғи газдың тарифі 45 теңге болып бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі газ тарифінің бекітілгенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады Алматы жылыту маусымына дайын

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде газ жүргізу барысы, ұзаққа созылған нысандар құрылысы, тұрғын аудандарда жүргізіліп жатқан жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру шаралары және қаланың дамуы туралы айтты.

Оның сөзінше, егер бұрын газдың текше метрі - 60 теңге болса, әкімдік орталық уәкілетті органдармен бірге ақшаны үнемдеу мақсатында оны төмендету үшін ауқымды жұмыс жүргізген. Осылайша, газдың текше метрінің бағасы 45 теңгеге дейін төмендетілген.

Осылайша, елорда тұрғын аудандарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында 100%, Промышленный және Көктал-2 тұрғын алаптарында 95%, Көктал-1 тұрғын алабында 80% газ тарату желілері тартылған.

Бұл жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады. Аталған тұрғын аудандар халқы, сондай-ақ Агроқалашық тұрғын алабының бір бөлігі алдағы жылыту маусымында үйлерін газбен жылытады.

Ол үшін тұрғындар үйлерді газға қосудың техникалық шарттарын алуға фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Жеке сектор тұрғындары үшін әкімдік есептегіштерді тегін ұсынады.

«Елорданы газдандыру - Елбасының тарихи жобасы. «Сарыарқа» газ құбырының оңтүстік аймақтан елордаға дейін 1000 шақырымнан астам жолы тартылды. Бұл өте үлкен жұмыс, жобаға миллиардтаған қаражат құйылды, ол уақыт өте келе қайтарылуы керек. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Ақыр соңында, ұзақ қыс айларында бірнеше сағат сайын үйді жылытудың, көмір түсіріп, оны сақтаудың қажеті болмайды. Адамдар көміртегі тотығымен уланған жағдайлар болды. Бұл мәселелердің барлығы шешімін табады. Газ көмірге қарағанда салыстырмалы түрде қымбат, бірақ оның артықшылығы көп, ең алдымен бұл - қауіпсіз отын түрі. Сонымен қатар биыл біз ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бірқатар қазандықтарды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінеді, кезең-кезеңімен барлық тұрғын аудандар газға қосылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT