Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қанатты сөздер жазылған билбордтар орнатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда адалдық, әділдік, парасат құндылықтарын насихаттау мақсатында халқымыздың ұлы тұлғалары мен алаш зиялыларының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері көрсетілген баннерлер әзірленіп, билбордтарға орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абайдың 175 жылдық және әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында дара тұлғалардың тәртіпке, еңбекке, тәрбиеге жетелейтін қанатты сөздері көрсетілді. Әл-Фараби, Абай, Б.Момышұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлихановтың сөздері қала көшелерінде, аялдамаларда, әуежайларда, ақпараттық мониторлар мен лэд экрандарға орналастырылды. Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, халықты Агенттіктің «1424 Call-орталығымен» хабардар ету және қала тұрғындарымен ортақ мүдде үшін бірлесіп қызмет атқару мақсатында билбордтарға «1424 Call-орталығының» нөмірі орналастырылды.


Call-орталықтың операторлары агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлық фактілері, құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларын тәулік бойы қабылдайды. Аталған жұмыстар көрнекі ақпараттар арқылы қала тұрғындарын кең көлемде қамтуға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар