Нұр-Сұлтанда «Субконтракт биржасы – 2021» шарасы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында QazIndustry өңдеу өнеркәсібі апталығы барысында екі іс-шара өткізеді: «Субконтракт биржасы – 2021» және «Тапсырыс берушілердің кәсіби қызметтерді сатып алуы: мәселелері мен болашағы» конференциясы.

Іс-шараларға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық өндірушілер, ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қосалқы келісімшарттар биржасы барысында кооперациялық байланыстарды жолға қою, жаңа әріптестер мен жаңа нарықтарды іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және B2B байланыстарын қалыптастыру үшін тапсырыс берушілер мен өнім берушілер арасында тікелей келіссөздер жүргізілетін болады.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіптік кооперация орталығының директоры Бауыржан Қален атап өткендей, субконтракт биржасы – бірінші кезекте отандық өндіруші үшін ірі тапсырыс берушілер алдында әлеуетін таныстыруға, тиімді өндірістік тізбектерді құруға және ең бастысы – ұзақ және тұрақты байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.


Соңғы жаңалықтар