Нұр-Сұлтанда студенттік үйлер кешені бой көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйі кешені құрылысының алғашқы іргетасы қаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, жатақхана 2361 орынға есептелген.

Құрылыс ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде белгіленген міндеттерді іске асыру шеңберінде жеке инвестициялар есебінен жоспарланған.

«Жаплпы ауданы 45 мың шаршы метрді құрайтын жатақхана бес қабаттан, үш блоктан тұрады. Ахмет Байтұрсынов пен Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысында салынатын болады.
Онда студенттердің жайлы тұруы, оқуы, демалуы үшін жағдайлар жасалатын болады. Жатақханада және оның аумағында тамақтану орталықтары, демалыс орталықтары, тренажер залдары, спорт алаңдары, дүкендер және т.б. болады», – деп атап өтті университет өкілдері.

Оқу орны өкілдерінің айтуынша, бұл – университет тарихындағы ең ауқымды жоба және студенттер арасында жатақханалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешеді.


Соңғы жаңалықтар