+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі саудалаушы ұсталды

2021 жылғы 30 шілде 14:19
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі саудалаушы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер астана аумағындағы есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды сатумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да тұрғын мас күйінде «полицей көлігін» ұрлап кеткен Бейнетаспаға түсіріп, жауап алды: Кәсіпкерлер салық органдарының ілкі жобасына наразы Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

Жедел-алдын алу шараларын жүргізу барысында полицейлер синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 21 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту кезінде психотропты заттар қойылған электронды таразы, есірткіні орауға арналған 350 полиэтилен пакет, 255 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат, сонымен қатар сатуға әзірленген «синтетикалық» есірткі табылды.

Тәркіленген есірткі дозалары бойынша бөлінді, нәтижесінде 90 рет қабылдауға болатын доза анықталған. Күдікті синтетиканы елорда аумағында сатпақ болған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі 297-бабы «Есірткі немесе психотроптық және сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, тасымалдау немесе сақтау» бойынша айып тағылды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырып, сонымен қатар айыптының мүлкін тәркілеуді қарастырады.

Күдікті Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT