Нұр-Сұлтанда шығарып салушылар мен күтіп алушылар вокзалға кіре ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың «Нұрлы жол» вокзалына жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар кіре ала ма? Бұл сұраққа вокзал менеджері Батырхан Әбдікәрім жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вокзалға Ashyq жобасы арқылы мәртебесін анықтаған кез келген азамат кіре алады. Жолаушылармен қатар, шығарып салушылар мен күтіп алушы азаматтардың барлығын тек қана Ashyq жобасы арқылы қабылдайтын боламыз», - деді Батырхан Әбдікәрім.

Айта кетсек, Ashyq жобасы түстерге сәйкес жұмыс істейді. «Қызыл» және «сары» түсті көрсеткен адамдардың вокзалға кіруіне рұқсат жоқ.

Бұған дейін «Нұрлы жол» вокзалының өкілі 17 маусымда іске қосылатын Ashyq жобасының қалай жүзеге асатынын айтып берген болатын.


Соңғы жаңалықтар