Нұр-Сұлтанда Сарайшық көшесі 2 тамызға дейін жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік жүргізушілері кептеліске түспеуі үшін жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, Сарайшық көшесі бойындағы Қарасақал Ерімбет көшесінен Жиембет жырау көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Осыған байланысты 26 шілде мен 2 тамыз аралығында осы учаскедегі жол қозғалысы тоқтатылады.

Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.

«Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар