Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтай отырып жалпықалалық сенбілік өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қыркүйекте елордада «World Cleanup day 2021» бүкіләлемдік тазалық күніне және «Бірге-таза Қазақстан!» республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Дүниежүзілік тазалық күні» — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір — түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін, яғни жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелердегі қоқыстарды жинау үшін бірігеді.

Бүгінгі күні іс-шара 130 елде, Қазақстанда «World cleanup Day» 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

Сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумақтарында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының жағалау учаскелерін тазалайды.

Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына келесі байланыстар бойынша хабарласуды сұраймыз: Алматы ауданы: +7 (7172) 362767; Байқоңыр ауданы: Ержан Қасымбеков, +7701 1996161; Сарыарқа ауданы: Айдос Түсіппаев Мұратбекұлы, 8702 236 33 35; Есіл ауданы: Жасұлан Қырғызбаев, 8701 628 46 86.

Айта кету керек, барлық іс-шаралар карантин және шектеу шараларын сақтай отырып өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар