Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған бірқатар нысан жабылды

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігінің мобильді тобы полицейлер және эпидемиолог мамандармен бірлесіп, санитарлық нормаларды бұзған нысандарды анықтау үшін күн сайын рейд жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамырдың 21-26 аралығында 150 кәсіпорын тексерілді. Санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды. Дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салон және т.б. «Бруно», «Roofork» және т.б. сияқты бірқатар нысанға айыппұл салынды. Жұмысын қайта бастаған нысандар санитайзерлер орнатып, қызметкерлері мен келушілері маска киіп, ара қашықтықты ұстану сияқты санитарлық нормаларды сақтауы тис.

Еске сала кетейік, 18 мамырдан бастап қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтану орындары, дәмханалар, мейрамханалар, діни құлшылық ету орындары (келушілері бір мезгілде 50-ден аспайтын) жұмысын қайта бастады. Отбасылық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Санитарлық дәрігердің қаулысымен COVID-19 індеті толықтай жойылмайынша түнгі клуб, фитнес клуб, жаттығу залдары, спа салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық орталықтар, клиникалар, орталықтар және т.б. жұмысына тыйым салынды. Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 26 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды.

Айта кетерлігі, елордада маска тағу режимі сақталуда. Халық көп жүретін жерлер мен қоғамдық көліктерде маскамен жүру керек.


Соңғы жаңалықтар