Нұр-Сұлтанда Сабантой өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы "Жастар" сарайының алаңында Татар диаспорасы Сабантой ұлттық мерекесін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Концерт кезінде сахнада Татарстанның әртістері өнер көрсетті. Нұр-Сұлтан қонақтары мен тұрғындары әртістер мен ұжымдардың өнерін тамашалады, кейбірi баян аспабымен халықтық әндерді орындау кезінде кɵңiлдi би биледi.

Сонымен қатар, келушілер үшін түрлі байқаулар мен халық ойындары, көрме ұйымдастырылды. Онда ұлттық киім үлгілері мен тағамдары жұртшылық назарына ұсынылды
Атап өткен жөн, іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының "Тан" татар-башқұрт мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар