+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда республикалық жастар форумы өтті

2019 жылғы 30 қазан 14:52
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда республикалық жастар форумы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Назарбаев Университетінде республикалық «Social Assembly» жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның жас сценаристері, клипмейкерлер мен режиссерлері әлемдік мамандардың қызығушылығын туғызып отыр Дәурен Абаев «Z» ұрпағын сипаттап берді Қазақстанда 30 мыңға жуық дарынды бала бар - Бердібек Сапарбаев

Ассамблея баспасөз қызметінің хабарлауынша, креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құруды мақсат еткен форумға еліміздің әр аймағынан 100-ге жуық жастар жиналды.

Олар аймақтағы Жастар жылының қорытындысы бойынша бейнероликтерін таныстырды, сондай-ақ, стартап-жобалары бар жастардың бизнес-идеялары сарапқа салынды.

Форум жұмысына ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, «100 есім» жобасының жеңімпаздары мен жастар ұйымдары қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездескен жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды, сондай-ақ, ел дамуына жастардың қосар үлесі тақырыбында сұхбат құрды.

Жансейіт Қансейітұлы Ассамблеяның жастар қозғалысының Жастар жылы аясында атқарған жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, жастар таныстыруға ұсынған әлеуметтік жобалардың іске асырылатынына сенім білдірді.

«Алдағы уақытта да жас көшбасшылардың әлеуетін дамытып, жаңа идеялар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыратын боламыз. 2019 жыл Қазақстан үшін ерекше жыл болды. Біз Тәуелсіздік жылдары ішінде алғаш рет Жастар жылын өткізіп, ауқымды істерге серпін бердік», - деді Жансейіт Түймебаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастардың креативті жобаларын жүзеге асыру алаңына айналуды көздейді. Форум аясында жастар жобалық менеджмент, нетворкинг бойынша дәрістер тыңдап, «Жастар жылы-Даңғыл жол» онлайн конкурсының нәтижесі жария етілді. Сондай-ақ, жас мемлекетшілдер әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өздерінің ұсыныстарын да айтты.

Аталған жиынға стартап жобалардың жүзеге асырылуына менторлық колдау көрсету, инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлер де қатысты. Нәтижесінде, таңдалып алынған бизнес және әлеуметтік жобалар шақырылған спикерлер мен менторлардың талқылауына ұсынылды. Ең озық шыққандары «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік бизнес-идея», «Үздік ІТ жоба», «Үздік медиа жоба» номинациялары бойынша марапатқа ұсынылды. Сондай-ақ, жастар өкілдерінің интерактивті тренингтер арқылы бақ сынасуына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берілді.

Форум аясында «Innovation Day», «Startup алаңы» көрмелері ұйымдастырылды. Аймақтардан келген жастар өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. ҚХА жастар қанаты аймақтық штабтарының көшбасшылары жастардың ел дамуындағы алатын орны мен қызметі тақырыбында өз ойларын ортаға салып, өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Форумда жастар бәсекеге қабілеттілік тақырыбының төңірегінде де пікір таластырды. Әсіресе, ауылдың мемлекет тірегі екендігіне басымдық берген жас мемлекетшілдер ауылдағы талантты жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына қолдау көрсету керек деді. Жастарға әсіресе, қазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырған «100 есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу үлкен шабыт сыйлады. Олар халықтың ішінен суырылып шыққан үздіктермен бүкпесіз сұхбаттасу арқылы, табыстылық пен танымалдылыққа жетудің жолын анық ұғынғандай болды. Жастармен кездесуге саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері ғана емес, сондай-ақ спорттық додалардан қанжығасы құр қайтпаған жеңімпаздар мен өнердің шыңын бағындырған дарынды өнерпаздар да келген болатын.

Сондай-ақ, форум қатысушылары үшін Назарбаев Университетіне экскурсия ұйымдастырылып, «Абай әлемі» бұрышы таныстырылды.

Жиын соңында форум жұмысына қатысушылар келесі жылдың Еріктілер жылы деп жариялануына байланысты өз ұсыныстарын білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT