Нұр-Сұлтанда ПТР-тестілер мен өкпені желдету аппараттары қосымша сатып алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда ПТР-тестілер, өкпені жасанды желдету және компьютерлік томография аппараттары қосымша сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаевамен, жауапты хатшы Ботагөз Жақселековамен, вице-министр Людмила Бюрабековамен, сондай-ақ зертханалардың, «СК-Фармация» компаниясының өкілдерімен, санитарлық дәрігерлермен онлайн-кеңес өткізді. Әкімдік пен Денсаулық сақтау министрлігі Жол картасын бекітті», - делінген елорда әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында.

Мәлім етілгендей, инфекцияны жұқтырғандарға уақтылы көмек көрсету үшін қала ауруханаларында қосымша 720 орын дайындалды. Әскери госпиталь және өзге де медициналық мекемелер стационар ретінде жасақталады.

112 мыңнан астам жеке қорғану құралдары сатып алынды.

Сонымен бірге осы айда стационарларға өкпені жасанды желдететін 30 аппарат жеткізілетін болады. Кейін қосымша тағы 200 аппарат сатып алынады.
«Сонымен қатар ПТР-тестілеу бойынша мобильді топ құрылады. Денсаулық сақтау басқармасы ПТР-тестілерді жинау және өңдеу бойынша зертханаларда жұмыс істеу үшін медициналық қызметкерлерді оқытады.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы күресте қолданылатын медициналық препараттар мен жабдықтардың қорын дер кезінде толықтыру қажеттігін атап өтті», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар