Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Нұр-Сұлтанда пәтер кезегінде тұрған адамдар арендалық үйге өтінім бере алады

2022 жылғы 15 маусым 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның тұрғын үй орталығы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған сатып алуға болмайтын жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мына санаттар жатады:

- ҰОС ардагерлері

- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері

- 1 және 2 топтағы мүгедектер

- мүгедек баласы бар отбасылар

- кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын адамдар

- жасына байланысты зейнеткерлер

- жетім балалар

- қандас

- экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар

- қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары

- толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны - 117.

Оның ішінде жетім балаларға - 35:

- 9 бір бөлмелі пәтер

- 19 екі бөлмелі пәтер

- 7 үш бөлмелі пәтер.

Халықтың қалған әлеуметтік осал топтары үшін:

- 20 бір бөлмелі пәтер

- 46 екі бөлмелі пәтер

- 16 үш бөлмелі пәтер.

Сонымен бірге көпбалалы отбасыларға 124 пәтер қаралған, оның ішінде:

- 18 төрт бөлмелі пәтерлер;
- 106 үш бөлмелі пәтерлер;

Баспана түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Үйдің мекенжайы: ЖК «Ақерке»; Е-509 көшесі, 7 үй; Тілендиев даңғылы, 44а үй; Шақаұлы көшесі, 7 үй.

Ай сайынғы жалдау ақысы: 7 000 - 22 000 теңгеге дейін.

Құжат қабылдау 18 маусым сағат 9:00-де басталып, 24 маусым сағат 23:59-да аяқталады.

Құжаттар тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.

Өтінім берген адам халықтың әлеуметтік осал тобы немесе жетім бала санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұруы тиіс.

«Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі. Өтінімді 2006-2022 жылдары кезекке тұрғандар бере алады, алайда олардың арасында 2009-2010 жылдарда кезекке тұрғандардың мүмкіндігі көбірек» дейді басқармадан.


Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары