+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда ойын алаңында жүрген 13 жасар баланы тоқ соқты

2019 жылғы 13 шілде 14:35
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда ойын алаңында жүрген 13 жасар баланы тоқ соқты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда ойын алаңында жүрген 13 жасар баланы тоқ соқты. Оқиға 12 шілдеде Сарыарқа ауданында Конституция көшесінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала добын алу үшін шарбаққа мінгенде, жабық футбол алаңының үстінен өткен электр желісіне тиіп кеткен. Жасөспірім құлап, «клиникалық өлім» халіне түсті. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл медициналық көмек көрсетіп, соның арқасында бала есін жиған», - делінген Instagram-дағы Astanovka98 парақшасында.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайының анықталып жатқанын хабарлады.

«12 шілдеде сағат 18.00-де қалалық балалар ауруханасына түрлі жарақатпен кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. 13 жасар бала Конституция көшесінің бойындағы ойын алаңында (футбол алаңы) денесін жарақаттап алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT