+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге Ақмола облысынан 435 тонна өнім әкелінеді

2020 жылғы 21 қыркүйек 20:44
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге Ақмола облысынан 435 тонна өнім әкелінеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 26-27 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтетін жәрмеңкеге жалпы құны 196,8 миллион теңге болатын 435 тоннаға жуық өнім жетікізіледі.

Оның ішінде 75 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 330 мың дана жұмыртқа, 35 тонна сүт және сүт өнімдері, 40 тоннадан астам ұн, 143,2 тонна картоп, көкөніс тәрізді өзге де өнімдер бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік тауарларының 50-ден астам түрін нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатып ала алады.

Отандық өнімдерді облыстың екі қаласы мен 17 ауданындағы 100-ден астам кәсіпорын ұсынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT