+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда оқшаулану талаптарын бұзғандар қанша айыппұл төлейді

2021 жылғы 4 тамыз 14:45
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда оқшаулану талаптарын бұзғандар қанша айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын коронавирустың алдын алу шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, көп адамдар қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтай бермейді. Ескерту мен жазалау шараларына қарамастан, кейбір елордалық мекемелер санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ескермейді, кейбір кәсіпкерлік нысандары жасырын жұмыс істеуді жалғастырып жатыр», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, биылғы 20 мамырдан бастап мониторинг топтары 7215 нысанды тексерді, 251 нысанда карантин режимін бұзу фактілері анықталды, оның ішінде қоғамдық тамақтану нысандары көп.

«Ashyq жобасы енгізілген сәттен бастап қатысушы нысандарда үй карантинін бұзған 8518 келуші анықталды. Оның ішінде 5065 адам «қызыл» мәртебемен, 3453 адам «сары» мәртебемен кіруге тырысқан. Оның ішінде, 11 маусым мен 3 тамыз аралығында үй карантинін бұзған 4847 келуші анықталды», - деп атап өтті спикер.

Сонымен бірге, үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар келушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша 32 хаттама жасалды және «сары» мәртебесі бар адамдарға санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу туралы 99 қаулы берілді.

«Яғни, егер карантиндегі науқас адам санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаса, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және айналасындағыларға қасақана жұқтыру қаупін тудырса, заңға сәйкес оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады» - деп түйіндеді С.Бейсенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT