Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК болжауынша, 18 мамыр күні елордада танертең және күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Найзағай, бұршақпен қоса, елордада оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ауа райы қолайсыз кезде бірқатар сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

- орын-жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағайға ұласуы мүмкін.

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз» дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар