Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектер күніне орай бір реттік төлем төленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде қазанның екінші жексенбісі - мүгедектер күні. Осы датаға орай астана әкімдігімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем төленеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға 2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады.

Айта кетейік, басқарма Халық Банк (есеп шот және карталық шот), Жусан банк (есеп шот және карталық шот), Қазпошта (есеп шот және карталық шот), Сбербанк (есеп шот және карталық шот), АТФ Банк, Альфа Банк және Форте банкпен қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Сондықтан бір реттік төлемді алушы тұлғалар аталған банктерде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, кейін оны Достық 13, «Нұрсая-2» ТК мекенжайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуі тиіс. Толық ақпаратты 55-68-22, 55-68-45, 87056450638, 87056450653, 87056450671, 87056450692 нөмірлері бойынша алуға болады.
Соңғы жаңалықтар