Нұр-Сұлтанда Мұхтар Тілеуберді мен Майк Помпео келіссөз жүргізіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанда келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Сыртқы істер министрлігіне келді. Ол сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз жүргізуде. Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы ел басшылығымен кездесіп, екіжақты және өңірлік ынтымақтастық, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Еске салайық, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан астанасына 1 ақпан күні кешкісін келді. Ол Қазақстанға 5 қаңтарда келуі керек. 2 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Бағдадтағы америкалық елшілік ғимаратындағы тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанды қоса алғанда бес елге жоспарланған сапарды кейінге қалдырғаны белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар