Нұр-Сұлтанда мүгедек балаларды оңалтуға арналған ат спорты кешені салынып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада иппотерапия әдісімен мүгедек балаларды оңалтуға арналған ат спорт кешені салынуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ҚазАқпарат редакциясының сауалына жауап беру барысында белгілі болды.

«Ат спорты кешені иппотерапия әдісі арқылы мүгедек балаларды оңалтуға арналған. Сондай-ақ, аталған нысанда республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізу мүмкіндігі болады. Жобаға сәйкес кешен жабық манежді дегенмен ашық бәсеке алаңын салу қарастырылған. Ат спорты кешенінің құрылысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда», - делінген ақпаратта.

Басқарма берген мәліметке сүйенсек, аталған құрылыстың жалпы көлемі 10106.59 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар кешен жоспарына сәйкес ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған жабдықтар мен орындар қарастырылған. Және кешен трибунасында 1 300-ден астам орын бар.


Соңғы жаңалықтар