Нұр-Сұлтанда мониторингтік топтар карантин режимін бұзған 8 нысанды анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушыларды анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген, тәулік бойғы режимге көшірілді.

Қала мекемелері ескертулер мен әкімшілік жауапқа тартылғанына қарамастан жұмыс режимі, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимі секілді шектеу шараларын елемей отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 2 шілде күні мониторингтік топтар 8 нысанда шектеу шаралары бұзылғанын анықтады.

Ал Есіл ауданында орналасқан «Veranda» мейрамханасы мен «Just Smoke» бары өздеріне белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Сарыарқа ауданындағы «Для Своих» бары мен «Стамбул» кафесі түн ортасынан кейін де жұмысын тоқтатқан жоқ.

Алматы ауданында «Ақшаұлы» мейрамханасында, «Джентельмен» кинорумында, «Local pub» барында карантин тәртібі бұзылғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиология басқармасына жіберілді.

Айта кетейік, елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. КВИ жұқтырған науқастар саны күн санап өсіп келеді. Қауіпті вирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары карантиндік шаралар мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Соңғы жаңалықтар