Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 21:00-де басталған фейерверкті қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан Шатыр сауда, ойын-сауық орталығының маңында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында тамашалады.

Елорда әкімдігі бұған дейін мәлім еткендей, аталмыш шараға бюджеттен қаражат бөлінбеген.

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Оған сәйкес, 1 желтоқсан мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде белгіленді.

Соңғы жаңалықтар