Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1,4 млрд теңге үнемделді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл тауар, жұмыс және қызметтер бағасының 1,4 млрд теңгеге негізсіз көтерілуіне жол берілмеді», - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Cұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Марат Хайруллин «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалында өткен кездесуде.

Айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаудың кең таралған тәсілдерінің бірі - кәсіпкерлерді шарт жасасу кезіндегі әрекетсіздігі немесе қамқорлығы үшін пара беруге көндіру.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі проблемаларын атап өтті.

Олардың қатарында бюджет қаражатын бөлу процесінің осалдығы, сатып алу жүйесінің ашық еместігі, мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары деңгейі, азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен сындарлы өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілмегендігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі мониторингінің жетілмегендігі секілді мәселелер бар.


Соңғы жаңалықтар