Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қолдау аясында 100-ге жуық жобаға субсидия берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елордада мемлекеттік қолдау аясында 100-ге жуық кәсіпкерлік жобаға субсидия берілді. Бұл туралы «Даму» қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры Нұрсұлтан Абдолла мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қолдау аясында біздің қор арқылы өткен жылы 200-дей жоба жүзеге асты. Биылғы 6 айда елордада 90 жоба мемлекеттік қолдауға ие болып, оның іске асуына кепілдік берілді. Одан бөлек, биыл 6 айдың ішінде 100-ге жуық жоба субсидияланды. Оның ішінде шағын, орта және ірі кәсіпкерлік бар», - дейді Н. Абдулла.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдауда басымдық - өндіру және қайта өңдеу салаларына беріледі.

«Біздің қор әрбір жаңадан ашылған өнеркәсіпке есеп жүргізеді. Ондағы мақсат – мемлекеттік қолдау арқылы берілген қаражаттың дұрыс жұмсалуын қадағалау. Егер мемлекет тарапынан берілген қаражат мақсатсыз жұмсалса, онда ол субсидия кері қайтарылуы тиіс. Мемлекеттік қолдаудың аясында өз ізін ашқан кәсіпкерді біз жарты жылдан соң ғана тексеруге құқығымыз бар. Әрине, барлығы келісімшартқа сәйкес, яғни заң аясында шешіледі. Карантин режиміне байланысты бүгінде астаналық кәсіпкерлерді мазалайтын мәселе - төлемақы және оны өтеу уақытын ұзарту. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өз ісін одан әрі жандандыру мақсатында қосымша субсидия сұрап отыр», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қолдаудың аясында ашылған кәсіпорындардың жұмыс барысымен таныстырған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар