Нұр-Сұлтанда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
2022 жылғы 7 шілде 07:56

Нұр-Сұлтанда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жалдамалы баспанаға ілінген тұрғындар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18-24 маусым аралығында үй кезегінде тұрған осал топтағы азаматтарға арналған 117 пәтердің (1,2,3 бөлмелі пәтерлер) иелері анықталды.

Бұл - сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы.

Оның нәтижесін және баспаналы болғандардың тізімін zhilfond.kz сайтынан көруге болады.

Әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2009 жылдың 11 ақпанына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 5 ақпанына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2008 жылдың 18 тамызынаа дейін кезекте тұрғандар ие болды.

Жетім балалар санаты бойынша 1 бөлмелі пәтерге - 2010 жылдың 21 мамырына дейін, 2 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 8 тамызына дейін, 3 бөлмелі пәтерге - 2012 жылдың 13 шілдесіне дейін кезекте тұрғандар өтті.

Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін хабарлайды.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT