Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Құқық тәртібі» профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қырғызстанның 29 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адам анықталды. Оның айтуынша, ол елордаға 2019 жылы ақша табуға келген. Тексеру барысында шетелдік азаматтың Қырғыз Республикасы Қылмыстық Кодексінің 266-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. 2019 жылдың қараша айынан бастап ер адам бұзақылық жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан жасырынып жүр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан мұнда жүзге жуық адам қамалды, оның ішінде 12 адам тексеріс барысында іздеуде болған.

Айта кетейік, қылмысқа қарсы күресті күшейту, заң бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерде, қоғамдық орындарда, сондай-ақ азаматтардың көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы мақсатында 2020 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында елорда аумағында «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.


Соңғы жаңалықтар