Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа райына байланысты қашықтан оқиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 05.03.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, 5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал,


Соңғы жаңалықтар