Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші жол тазалап жүрген «КАМАЗ» көлігін соқты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сағат 04.05-те ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби көшесінің бойымен кетіп бара жатып, жол техникасына соғылған.

Оқиға орнына келген полицейлер жүргізушінің мас болғанын байқаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, құжаттарын тексеру кезінде 30 жастағы жүргізушінің 2018 жылы мас күйде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Алайда, оған қарамастан жүргізуші тағы мас күйде рульге отырған. Аталған факті бойынша ол полиция басқармасына жеткізіліп, көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полициядан мәлім еткендей, 2020 жылдың қаңтарынан бастап мас күйде жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерге жаза қатаңдағанын еске салды.

«Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда көлік жүргізу құқығынан айырылған 40 азамат мас күйде автокөлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Өткен жылы ҚР ҚК 346-бабы бойынша 45 жүргізуші қылмыстық жауапқа тартылған болатын», - деді полиция ведомствосының басшысы Ержан Сәденов.


Соңғы жаңалықтар