Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мас күйінде көлік айдап, бірнеше рет апаттық жағдай туындатқан жүргізуші 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түнгі сағат 3.00 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жол ережесін өрескел бұзып, авариялық жағдай туындатқан Toyota маркалы автокөлігі ілінеді. Елірген жүргізуші екі рет бағдаршамның «қызыл» түсіне өтіп, жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады. Оның бейберекет әрекетінің кесірінен жолдағы өзге көліктер шатасып, апаттық жағдай туындаған. Полиция қызметкерлері көлікті жан-жақтан қамалап тоқтатты. Осыдан кейін ғана мас жүргізуші қолға түсті», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ол ессіз әрекетінің кесірінен енді 7 жыл көлік айдай алмайды.

«Медициналық сараптама арқылы жүргізушінің мас екені дәлелденді. Жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жүргізушінің үстінен 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған соттың қаулысымен тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал автокөлік «айып тұрағына» қамалды», - деп жазылған департаменттің дерегінде.


Соңғы жаңалықтар