Нұр-Сұлтанда мас жігіттердің төбелесі бейнекамераға түсіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жедел басқару орталығы түнгі уақытта Кенесары көшесінде екі ер адамның төбелесін тіркеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанынан өтіп бара жатқан автомобильдерге қарамастан, жанжалдасқандар жолда төбелесті.

Оның бірі тақтайды қолына ала салып, екіншісін соққыға жыққан.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері қақтығысқа қатысушыларды ұстады.

30 және 43 жастағы екі адамның екеуі де мас болған. Қоғамдық тәртіпті бұзушылар Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар